Рассел Бертран Батыс философиясының тарихы. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. — 896 бет.

Бертран Рассел – XX ғасырдағы аса көрнекті Бертран Рассел – XX ғасырдағы аса көрнекті ойшылдардың бірі, философ, математик, тарихшы және Нобель сыйлығын иеленген жазушы. Оның Еуропа ой-дүниесінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуын зерделеген «Батыс философиясының тарихы» атты кітабы – әлемнің көптеген тілдеріне аударылған танымал еңбек. Үш кітаптан тұратын зерттеу антика дәуіріндегі рационалды ойдың қалыптасуынан бастап, Сократ, Платон, Аристотельден, Аугустин, Руссо, Кант, Шопенгауэр, Ницше, Маркс, Дьюиге дейінгі философтардың доктриналарына терең талдаулар жасайды. Автор бұл еңбегінде әр ойшылды өскен ортасымен сабақтастыра қарастырып, философияға тән ұғымдар, ілімдер, көзқарастармен қатар, рухани ізденістерге ықпал еткен тарихи үдерістерді де тартымды баяндайды.