«Психолог» атты курсанттардың ғылыми-зерттеу үйірмесінде өткен қызықты да танымдық іс-шара

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушылары Е.Ж.Толықпаев және А.Х.Оразов «Психолог» атты курсанттардың ғылыми – зерттеу үйірмесінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 28 қарашасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын 2, 3 — курс курсанттары арасында «Психология әлемі» атты зияткерлік сайысты өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты курсанттардың психология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту болды.
Сайыс Нуркушева Мадинаның орындауындағы «Адай» күйімен ашылды. Ойын барысында 2, 3 — курс курсанттары «Элита», «Болашақ генералдар» және «Болашақ лейтенанттар» деген 3 топқа бөлінді. Сұрақтар психология саласына және кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасына байланысты қойылды. Әрбір сайыс тапсырмасы курсанттардан ой ұшқырлығын, шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып орындауды талап етті.
Бұл сайыста ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ретінде «Kahoot» бағдарламасы, сюжет, графика түріндегі тапсырмалар қолданылды. Курсанттар әрбір сайыста белсенділік танытып, шапшаң жауап беруге тырысты. Нәтижесінде 3 сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен «Болашақ генералдар» командасы бас жүлдені алды. Барлық ойыншыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сайыс соңында ойынға қатысушылар мен көрермендерге алғыс айтылып, «Психологтар әні» курсанттармен бірге шырқалды.

Кәсіби-психологиялық
даярлық және ІІО басқару
кафедрасының аға оқытушысы
полиция капитаны
Н.Тұрсынбаева