«Психолог» атты курсанттардың ғылыми үйірмесінің алғашқы отырысы

Қазіргі жоғары білім берудің негізгі міндеті мамандарды даярлау. Дәстүрлі түсінуде мамандарды даярлау үшін – нақты білімдерді игеру жеткіліксіз болып табылады. Қазіргі күнде білім беру мекемелерінде бірінші орынға қажетті білімнен басқа, болашақ мамандардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ойлауын мақсатты түрде дамыту керек, курсанттардың өздігінен білім алуға үйрету, жаңа ғылыми, техникалық бастамалы пікірлерін қалыптастыру болып табылады.
Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы — алынған білімдерді,   біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді  мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Курсанттарды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Осыған орай КПДжІІОБ кафедрасының КҒЗЖ-ғы «Психолог» атты үйірме дәстүрлі түрде 2020-2021 оқу жылындағы алғашқы отырысын өткізді. Отырыстың басты мақсаты: «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын курсанттарды ғылыми қызметті реттеуші нормативтік құжаттармен таныстыру, үйірме көшбасшысын таңдау, курсанттармен пікірталастар жүргізу және ұйымдастыру, пікірталастарға қатысуға мамандарды тарту, зерттеу жобаларын дайындауға курсанттарды тарту, курсанттарды жобалық оқыту шеңберінде шағын зерттеуші топтарының жұмысына тарту.
Мақсаттағы аталған оқыту әдістер мен формалары курсанттардың өнімді ойлауын дамытуға, олардың оқуда дербестігін, жаңа ойларды ұсынуды ынталандыруға мүмкіндік туғызады.
Сол себептен, болашақ мамандарды даярлау  үдерісінде, егер курсанттар ғылыми-зерттеу қызметінің сан алуан формаларына қатыстырылса, ғылыми жұмыс нәтижелі болады. Әрине, біздің оқытушылар мен курсанттар ғылыми-зерттеу жұмысындағы аталған міндеттерді орындап, табысты жетістіктерге жететіндері сөзсіз!

«Психолог» курсанттардың
ғылыми үйірмесінің жетекшісі
полиция капитаны
Н.Турсумбаева