Психологиялық оқыту

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау факультетінде Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен психологиялық оқыту сабақтары жүргізілді.
Негізгі мақсаты: қызметкерлердің психологиялық, кәсіптік және коммуникативті құзыреттілік саласындағы біліктілігін арттыру.
Қызметкерлер әртүрлі жаттығулар, жағдаяттар, психологиялық тренингтер мен тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, сауалнама жүргізу, жанжалды жағдайларды шешу, коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыра білді.

Педагогика және психология кафедрасы