Практикалық қызметкерді сабаққа қатыстыру

2019 жылғы 14 мамырда курсанттардың білімі мен болашақ қызметтеріне қызығушылығын арттыру мақсатында пробация қызметін ұйымдастыру сабағының шеңберінде ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Қ. Туретаевтың ұйыдастыруымен 308-оқу тобымен практикалық қызметкер Түркістан облысы ҚАЖД бойынша Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры А. Қамбарбаевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында курсанттар өздерін қызықтырған пробация қызметінің заңға сәйкес реттелуі, пробация қызметінің өкілеттілігі мен міндеті, атқаратын қызметіне байланысты сұрақтар қойып жақсы жауаптар алды.
Сонымен қатар практикалық қызметкер пробация қызметінің басқа қызметтен айырмашылығы, өзіне тән ауырлығы мен жеңілдігі жайлы өзінің бар білгендерін курсантармен бөлісті.
Сондай-ақ кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғаммен мемлекетімізге қауіптілігі жайлы, курсанттардың болашақ қызметтері жақсы дайындық пен білімді талап ететіні, практикалық қызметке қандай дайындықпен бару керектігі жайлы жіті талқыланды. Кездесудің қызықты өтуінің себебі — практикалық қызметкер Академиямыздың 2010 жылғы бітіруші түлегі.
Курсанттар кездесуден ерекше әсер алғандығын айтып, осылай практикалық қызметкерлермен кездесу жиі болса екен деген өз ойларын білдірді.

3-курс 308-топ курсанты
полиция қатарындағы
Қ. Ермек