Магистратураға және PhD докторантураға түсуші үміткерлерге

Ұлттық тестілеу орталығының хатына сәйкес (шығыс. № 15-10-7-3-1422 29.06.2020 ж.) 2020 жылы шет тілінен түсу емтиханы (бұдан әрі — емтихан) электронды форматта өтеді. Осыған байланысты, магистратураға және PhD докторантураға түсуші үміткерлер Академияның қабылдау комиссиясына өтініштерін білдірмей а.ж. 15 шілдесіне дейін өз бетінше емтиханға қатысуға өтініш береді.
Оқуға түсушілер өтініш беру үшін: 1) https://egov.kz сайтында мобильдік азаматтар базасына тіркеледі; 2) https://did.gov.kz сайтында Digital.ID сандық паспортын жасайды; 3) http://pvo-zayav-voen.testcenter.kz сайты арқылы тестілеу үшін қажетті мәліметтерді көрсетеді. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураға түсушілер «7М12301 – құқық қорғау қызметі», ал докторантураға – «8D12301 – құқық қорғау қызметі» дайындық бағдарламасын таңдайды. Тестілеу ақысы 6492 теңгені құрайды.
Тестілеу а.ж. 1-15 тамыз аралығында өтеді.
Емтихан тапсырғаннан кейін сертификат көшірмесін а.ж. 16 тамызына дейін Академияның қабылдау комиссиясына жіберу қажет (факс: 8-7142-26-57-40, эл. пошта: kyimjurk@mail.ru, ablai-xan@mail.ru).
Еске саламыз шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарға) сәйкес халықаралық сертификаттары (TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, TOEFL, IELTS, IELTS, IELTS INDICATOR, CEFR, Test DaF, DSH, TFI, DELF, DALF, TCF) бар оқуға үміткерлер емтиханнан босатылады.

 

Поступающим в магистратуру и докторантуру PhD

В соответствии с письмом Национального центра тестирования (исх. № 15-10-7-3-1422 от 29.06.2020 г.) в 2020 году вступительный экзамен по иностранному языку (далее — экзамен) пройдет в электронном формате. В связи с этим, кандидаты на учебу, поступающие в магистратуру и докторантуру PhD, самостоятельно без обращения в приемную комиссию Академии подают заявление на участие в экзамене до 15 июля т.г.
Поступающие для подачи заявления: 1) на сайте https://egov.kz прикрепляются к базе мобильных граждан; 2) на сайте https://did.gov.kz создают цифровой паспорт Digital.ID; 3) через сайт http://pvo-zayav-voen.testcenter.kz регистрируются, указывают необходимые сведения для тестирования. Поступающие в научную и педагогическую магистратуру выбирают программу подготовки – «7М12301 — правоохранительная деятельность», в докторантуру – «8D12301- правоохранительная деятельность». Оплата за тестирование составляет 6492 тенге.
Тестирование пройдет в период с 1 по 15 августа т.г.
После сдачи экзамена копию сертификата необходимо до 16 августа т.г. направить в приемную комиссию Академии (факс: 8-7142-26-57-40,      эл. почта: kyimjurk@mail.ru, ablai-xan@mail.ru).
Напоминаем что, кандидаты на учебу, имеющие международные сертификаты (TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT,TOEFL, IELTS, IELTS INDICATOR, CEFR, Test DaF, DSH, TFI, DELF, DALF, TCF), подтверждающие владение иностранным языком в соответствии с Общеевропейскими компетенциями (стандартами) владения иностранным языком, освобождаются от экзамена.