Полиция кафедрасының жұмысы

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай өңірі бойынша Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде, Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы полиция кафедрасы аясында  мемлекеттік қызметке орналасатын үміткерлерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасын меңгерту мақсатында тестілеуге дайындау сабақтары  жүргізілді.
Оқу шеңберінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік кодексі бойынша үміткерлер білім алды.

Аталған жұмыстар Қостанай академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының қызметкерлерімен жүйле түрде аптасына екі рет  жүргізіліп жатыр.

МҚП кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
М.Смагулов