«Полигон жаңғырығы» атты дөңгелек үстел

29 тамызда бүкіләлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Осыған орай Академия қабырғасында Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Полигон жаңғырығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының маманы Базельханова Айжан Бақытқызы, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы Оспанова Анар Қабдоллақызы және Академияның 3-курс курсанттары қатысып, баяндамаларын оқыды.

Айжан Бақытқызы өзінің баяндамасында көшпелі экспозиялық көремесі жайлы баяндаса, Анар Қабдоллақызы Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жыл тарихының көрсеткішін, осы жылдар аралығында полигон туралы жазған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасады.

— Осы уақыт аралығында полигонда 456 ядролық сынақтардың жүргізілгендегі, одан миллионнан астам адамдардың зардап шеккені белгілі. Қазақстандағы ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімді бүкіл әлем қолдады. Осылайша, Қазақстан іс жүзінде ядролық қаруға қарсы екенін бүкіл әлем дәлелдеді,-деп атап өтті 3-курс курсанты Бағжан Халенова.

ІжСКб инспекторы Перизат ЖҰМАБЕК