«Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогикалық практиканың қорытындысы

2020 жылдың 6 тамызындаКәсіби — психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасының оқытушылары «Педагогика және психология» мамандығы бойынша кәсіби даярлық факультетінің 3 курс 311-312 оқу топтары курсанттарымен бейнеконференция режимін пайдаланып тәжірибені қорғауды ұйымдастырды.
Тәжірибені қорғау барысында курсанттар өздері жүргізген іс-шаралар тізімін жариялады, сонымен қатар, тәжірибеден өту жоспары бойынша қажетті құжаттардың жоспарын, тәжірибе күнделіктерін, жетекшілерімен келісілген тәжірибе туралы есептердің толық тізбесін ұсынды.
Курсанттар өз тәжірибелерін қорғау барысында оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді. Тәжірибе өткеру кезінде курсанттарда туындаған мәселелері талқыға салынды.
Айтылған жауаптарға және тәжірибе тәлімгерлерінің қойған бағасына сәйкес кафедра оқытушылары курсанттарды оңбағалады.
Курсанттар кафедраның  профессорлық ˗ оқытушылар құрамына өз алғыстарын білдірді.

КПДжІІОБ кафедрасының
оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Г.Ахметова