«Парасатты полицей» байқауына қатысуда……..


Қостанай академиясының қызметкерлерінен құралған «Қабылбаев ұрпақтары» командасы ІІО қызметкерлері арасында жыл сайын өткізілетін республикалық «Парасатты полицей» байқауына қатысуда. Байқау 2019 жылдың 5-6 қыркүйек айында Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтау қаласында өтіп жатыр. Еліміздің түкпір — түкпірінен келген 21 команда байқауда өз бақтарын сынауда. Әріптестерімізге осы байқаудан тек қана жеңіспен оралуды тілейміз.

Баспасөз қызметі