«Пандемия кезінде оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбындағы онлайн вебинар

2021 жылдың 27 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы бірлесіп «Пандемия кезінде оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында ведомстволық жоғарғы оқу орындары арасында вебинар өткізді.
Вебинар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясының білікті мамандары педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.А Гусев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.А Галиева гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы К.Д Рахимова және  Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Н Ергалиева тәжірибелерімен бөлісті.
Осы вебинарға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері Оқу-әдістемелік орталығының бастығы, полиция майоры М.Смағулов, аға оқытушы-әдіскер, полиция майоры А.Аетова, оқытушы-әдіскер, полция капитаны Қ.Мырзахмет, Кәсіби даярлық факультетінің аға оқытушы-әдіскері, полиция подполковнигі Л. Кинжебаева мен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы С.Едресов аталмыш жиынға қатысты.
«Пандемия кезінде оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбындағы оқу-әдістемелік жиыны кезінде жоғары оқу орындары арасындағы педагогикалық тәжірибе алмасуға, инновациялық білім беру әдістерін жоғары оқу орындарының тәжірибесіне енгізуге және профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеруге оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан осындай жоғары деңгейлі және сапалы мамандарды даярлауда озық тұрған  іргелі оқу орнының бастамасымен өткізілген жиын барлық қатысушылардың көңілінен шықты және қатысушылар ұйымдастырушы ұжымға өз алғыстарын білдірді.

Оқу-әдістемелік орталығы