Оқу үрдісіндегі теория мен практиканың өзара байланысы

2020 жылдың 22 қазанында «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру» пәнін оқыту аясында Талдықорған қаласы пробация қызметі бөлімінің тәжірибелік қызметкері — аға инспекторы әділет капитаны Ж. Б. Бекбосынованың қатысуымен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 4 курс курсанттарына практикалық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің, сондай-ақ жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлердің жазасын өтеуді кейінге қалдырудың қолданылу және орындалу процесінде туындайтын өзекті мәселелер; олардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру тәртібі; пробация қызметінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен өзара іс-қимыл жүйесі талданды.
Тәжірибелік қызметкер кәсіби қызметте қызметтік міндеттерін орындау тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылатын теориялық оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Тәжірибелік қызметкерлерді тарта отырып өткізілетін, оқу сабақтары қызметтің ерекшеліктері туралы қосымша білім қалыптастыруға, кәсіби құзыреттілік, қызметтік іс-әрекет этикасы мен мәдениеті деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Докторант, полиция майоры
А. Примкулова