«Оқу инемен құдық қазғандай»

«Оқу инемен құдық қазғандай». Төрт жыл бойы теориялық білім алған курсанттар бұл мақалдың байыбын ұғынғандай. Дегенмен, құқық қорғау мамандығы үшін тек теориялық білім жеткіліксіз. Ертеңдері тұлғалардың құқықтарын қорғау жолында еңбек ететін болашақ полиция қызметкерлеріне теорияны практикамен ұштастыра білу аса маңызды. Жүздеген, мыңдаған дұрыс берілген құқықтық көмекті бір ғана өз міндетін білімсіздікпен атқара алмағандық жуып шаяды. Одан бөлек құқығы бұзылған тұлғаларға келтірілген зиян да моральдық және материалдық нысанда қатар болуы мүмкін. Осындай зардаптардың алдын алу, әділеттіліктің сақталуына жауапты білікті қызметкер мамандарды дайындау жолында оқытушылармен бірге практика қызметкерлері де белсенді түрде ат салысуда.
Ондаған жылдан астам өмірін жедел уәкіл қызметкері мамандығына арнаған полиция подполковнигі Бақыт Наурызбаевтың да маман дайындауға деген көзқарасы ерекше. Практикадағы көрген білгендерін, өмірлік, әрі іс жүзілік сабақ ретінде тоқығандарын курсанттарға айтудан жалықпайды. Бүгіндері, Академияның магистратурасында 2-ші курста.

ЖІҚ кафедрасы