«Отан отбасынан басталады»

2013 жылы Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйек айының екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.
Бұл күні еліміздің әр аймағында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі.
Отбасы күні мерекесі қарсаңында Академия қызметкерлерінің бүлдіршіндері арасында асфальттағы балалар суретінің фото байқауы өтті. Байқаудың бірінші күнінен бастап идеологиялық және имидждік жұмыс бөліміне жас ұрпақтардың шығармашылық жұмыстары келе бастады. Балалардың туындыларынан олардың өзіндік ерекшеліктерін бірден байқауға болады. Әдемі әрі ашық түрлі-түстермен салынған. Дегенмен қазылар алқасы өз таңдауын жасады. Байқау қорытындысы бойынша:
І орынды – Камешова Айлин
ІІ орынды – Тұрсынбай Амира
ІІІ орынды — Оспанов Ансар алды.
Біз Академия басшылығы атынан барлық қатысушыларды келе жатқан Отбасы күні мерекесімен құттықтай отыра, шын жүректен денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

ИжИЖБ аға инспекторы полиция капитаны Дана Альжанова