Олимпиада

ЖІҚ кафедрасы апталығы шеңберінде 2018 жылғы 21 қарашада ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет» пәні бойынша жедел-іздестіру қызметі кафедрасында төртінші курс курсанттары арасында олимпиадалық сайыс өткізілді.
Сайыстың сапалы және әділ өтуі үшін әділ қазылар алқасы қатарына 2 курс магистранттары полиция аға лейтенанты Б.Романов, полиция капитаны К.Омаров шақырылды.

Олимпиада сайысы жоспарланған бағдарламаға сәйкес қызу және бәсекелі түрде өтті.
Курсанттар өткен оқу бағдарламасын естеріне түсіріп қойылған сұрақтарға жылдам және сапалы жауап беруге тырысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз болды: Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет (қазақ тілінде)

Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдан (қазақ тілінде)
1 орын – Е. Серіққан (409 топ курсанты)
2 орын – Е. Сайлауов (407 топ курсанты)
3 орын – А. Егемберді (408 топ курсанты)
Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдан (орыс тілінде)
1 орын – Муканова С. (405 топ курсанты)
2 орын – Вага Е. (406 топ курсанты)
3 орын – Абилхаир С. (410 топ курсанты)
ЖІҚ кафедрасы шын жүректен жеңімпаздарды құттықтайды. Жарыста болған тапсырмалар біздің курсанттарымызға тәжірбиелік қызметте қажет болады деп үміттенеміз.

ЖІҚ кафедрасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
М.О. Лұқпанов