Олимпиада

2020 жылғы 2 қазанда ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы «Жедел-іздестіру қызметі» күнінің қарсаңында 3- курс курсанттары арасында «Жедел-іздестіру қызметі» арнайы пәні бойынша олимпиада өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде курсанттар тапсырмаларды орындап, солардың ішінен ең мықты курсанттар іріктеліп, олар 2-кезеңге өтті. 2–кезең іріктелген курсанттар арасында тест тапсырмаларын орындау нысанында өтті.
Курсанттардың олимпиадаларға қатысуы, олардың қабілеттерінің дамуын бағалайтын маңызды дода. Өйткені, олимпиадаларда әдетте күрделі тапсырмалар шешіледі. Бұл тек білімді тексеру ғана емес, өз бетінше ойлау және алған білімдерін орынды қолдана білу. Жоғары жетістіктер мен олимпиадалардағы жеңістер оқытушы және курсанттың бірлескен еңбегінің нәтижесін көрсетеді.
Олимпиадаларға қатыса отырып, курсанттар өз білімдерін жетілдіріп, алдағы уақытта  ғылыммен шұғылдануға және ғылыми әлеуетін жетілдіруге, құқық саласындағы білімін тереңдетуге және іскерлік қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, яғни болашақ мамандар кәсіби қабілеттерін дамытады.
Қорытындылай келе, осындай іс-шаралар курсанттарды оқуға ынталандырады, болашақта білікті және білімді маман болып шығуға зор үлес қосады дейміз.

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А. Карл