Олимпиада жедел-іздестіру қызметі кафедрасында

2019 жылғы 16 мамырда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «ІІО жедел-іздестіру қызметі» пәні бойынша жедел-іздестіру қызметі кафедрасында үшінші курс курсанттары арасында олимпиадалық сайыс өткізілді.

Олимпиаданың әділқазылар алқасы жедел-іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы болды.
Сайысқа қатысып отырған әр курсантқа құпия іс жүргізу аясында тапсырмалар берілді. Олимиада сайысы жоспарланған бағдарламаға сәйкес қызу және бәсекелі түрде өтті.

Сайыстың қорытындысын тәжірибелі қызметкерлер қорытындылап, шешім шығарды.
Курсанттар өткен оқу бағдарламасын естеріне түсіріп қойылған сұрақтарға жылдам және сапалы жауап беруге тырысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
(орыс тілінде)
1-орын-Камасов Данияр (306-топ курсанты)
2-орын-Атепилева Дамира (310-топ курсанты)
3-орын-Оспанова Роза (306-топ курсанты)
3-орын-Димитриенко Виктория (306-топ курсанты)
(Қазақ тілінде)
1 орын –Сапарбаева Асылай (303-топ курсанты)
2 орын –Канатчина Эльмира (303-топ курсанты)
2-орын- Әмірғали Мәдина (302-топ курсанты)
3 орын –Әділ Ілияс. (303-топ курсанты)
ЖІҚ кафедрасы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды. Жарыста болған тапсырмалар біздің курсанттарымызға тәжірибелік қызметте қажет болады деп үміттенеміз.
ЖІҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А. Шаймуханов