Академия қызметкерлерінің Нұр-Сұлтандағы дөңгелек үстел жұмысына қатысуы туралы

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасында экстремистік әрекет пен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық саясатын дамыту келешегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы Біріккен Ұлттар Ұйымымен және Еуропалық Одақпен әріптестікте «экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмысты ұйымдастырудағы күштерді қолдау» бірлескен бастамасы аясында ұйымдастырды.
Іс-шараға тиісті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, халықаралық серіктестер және Орталық Азия, Германия мен Испанияның қылмыстық сот төрелігі бойынша сарапшыларын қосқанда 50-ден астам адам қатысты, Академиядан бастықтың орынбасары А. Ж. Нурушев және пробация қызметінің мамандарын оқыту орталығының бастығы Р. К. Мухтабаева қатысты.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Д. Ш. Елеукенов, ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасының аймақтық өкілі Ашита Миттал ханым жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Проблеманың өзектілігі лаңкестік топтармен және түрмелердегі адамдар санының көбеюінен туындаған. Сонымен қатар, лаңкестік топтармен байланысты адамдардың легі туған елдеріне оралады немесе басқа елдерге көшіп кетеді. Бұл әйелдерді, балаларды және отбасыларды қоса алғанда, мыңдаған адамдардың қылмыстық сот төрелігі жүйесіне түсуіне алып келеді. Мемлекеттік органдар да терроризмге байланысты қылмыс жасауда жеке тұлғалардың кінәлілігін; олар ойнай алатын нақты рөлді және олардың топпен топпен қарым-қатынасының ерікті болу деңгейін анықтау кезінде қиындықтарға кезігуде.
Қазіргі халықаралық тәжірибе террористік топтармен байланысты жеке тұлғаларға жүргізілген жиынтық сот істерін, террористік топтармен байланысы бар деп күдік келтірілген адамдарды ұзақ мерзімге әкімшілік қамауға алуды; радикализацияға бағытталған оңалту бағдармаларын жасауды қамти отырып осы проблемаларды шешуге әртүрлі тәсілдер қолданатынын, сондай-ақ террористік топтардан еркімен шыққан адамдардың қылмыстық сот ісін жүргізуге ұшырамай-ақ қоғамдастықтарына оралуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, мәлімделген тақырып тұрғысында Қазақстанда бірқатар проблемалар бар, бұл — Қылмыстық кодекстің баптарының қарама-қайшы қисынды құрылымдарының болуы, бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұзақтығы, сотталғандардың осы санаты үшін бірыңғай оңалту және реинтеграциялау бағдарламасының, әрекетті өкінумен қылмыстық жауаптылықтан босату тәжірибесінің және шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінің жоқтығы.
Дөңгелек үстел аясында Академия өкілдері Қырғызстан пробация қызметінің өкілдерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан алғашқылардың бірі болып «Экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмысты ұйымдастырудағы күштерді қолдау» жаһандық бағдарламасына қосылды. Осы бағдарлама аясында Қостанай академиясының базасында ҚАЖ қызметкерлерін теологиялық және оңалту жұмыстары бойынша оқыту орталығын құру жоспарлануда.

Пробация қызметінің мамандарын оқыту орталығының бастығы
Р. Мухтабаева 

 

Об участии сотрудников Академии в работе круглого стола в г. Нур-Султан

30 октября 2019 г. в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан состоялся круглый стол «Перспективы развития уголовной политики противодействия экстремистской деятельности и терроризму в Республике Казахстан».
Мероприятие было организовано Министерством иностранных дел и Генеральной прокуратурой Республики Казахстан в партнерстве с Организацией Объединенных Наций и Европейским Союзом в рамках совместной инициативы «Поддержка усилий в организации работы с осужденными за преступления экстремистской и террористической направленности, и профилактике радикализации заключенных в пенитенциарных учреждениях».
В мероприятии приняли участие более 50 участников, включая представителей соответствующих государственных органов, организаций гражданского общества, международных партнеров и специалистов в области уголовного правосудия из стран Центральной Азии, Германии и Испании, Академию представляли – заместитель начальника Нурушев А.Ж. и начальник центра обучения специалистов службы пробации Мухтабаева Р.К.
С приветственным словом к собравшимся выступили: Директор Департамента международной безопасности МИД Республики Казахстан Елеукенов Д.Ш., Посол ЕС в Казахстане Свен-Олов Карлссон, Чрезвычайный и Полномочный Посол Королевства Нидерландов в Казахстане Андре Карстенс, г-жа Ашита Миттал, региональный представитель Управления ООН по наркотикам и преступности (УНП ООН) в Центральной Азии.
Актуальность проблемы вызвана увеличением числа лиц, связанных с террористическими группами, и находящимися в местах лишения свободы. Кроме того, потоки лиц, связанные с террористическими группами, возвращаются в страны своего происхождения или переезжают в другие страны. Это приводит к тому, что тысячи людей, включая женщин, детей и семьи, попадают в системы уголовного правосудия. Государственные органы также сталкиваются с трудностями при определении степени виновности отдельных лиц в совершении преступлений, связанных с терроризмом; конкретной роли, которую они могли играть, и степень добровольности их связи с группой.
Существующий мировой опыт показывает, что государствами применяются различные подходы к решению этих проблем, включая суммарные судебные процессы над лицами, связанными с террористическими группами; длительное административное задержание лиц, подозреваемых в связях с террористическими группами; разработка реабилитационных программ, направленных на де-радикализацию; а также позволяет лицам, которые добровольно выходят из террористических групп, возвращаться в свои общины, не подвергаясь процессу уголовного правосудия.
По мнению участников круглого стола, в Казахстане существует ряд проблем, в плоскости заявленной темы, это и наличие противоречащих логике конструкций статей  Уголовного кодекса, длительность сроков лишения свободы, отсутствие единой программы реабилитации и реинтеграции данной категории осужденных, практики освобождения от уголовной ответственности при деятельном раскаянии и возможности условно-досрочного освобождения.
В рамках круглого стола, представители Академии встретились и обсудили перспективы развития двухстороннего сотрудничества с представителями службы пробации Кыргызстана.

Напомню, что в декабре 2018 года Казахстан одним из первых присоединился к Глобальной программе «Поддержка усилий в организации работы с осужденными за преступления экстремистской и террористической направленности, и профилактике радикализации заключенных в пенитенциарных учреждениях». В рамках данной программы на базе Костанайской академии планируется создание центра подготовки сотрудников УИС по теологической и реабилитационной работе.

Начальник Центра обучения специалистов службы пробации
Р. Мухтабаева