Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерінің қатысуымен сабақ жүргізілді

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы курсанттардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында білікті тәжірибе қызметкерлерін тартумен сабақ  жүргізуді жалғастыруда.  Осындай сабақтардың бірі 2020 жылдың 23 мамырында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-курс 202-взвод курсанттарына «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік құқығы» пәнінен өткізілді. Сабақ барысына Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция подполковнигі Жанхан Нұрбақыт Жанханұлы қатысты. Оқыту жоспарына сәйкес «Дәлелдемелер. Қылмыстық-процестік дәлелдеу» тақырыбы бойынша қызметкер курсанттарға дәлелдемелердің жалпы түсінігін, мәні мен маңыздылығын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезіндегі дәлелдемелерді жинау, бағалау, бекіту, зерттеу және оларды пайдалану тәртібін, ерекшеліктерін, туандайтын проблемаларды жан-жақты айтып өтті. Жанхан Нұрбақыт заңнама нормаларынан тыс, дәлелдеу шеңберіндегі түрлі тәжірибелік сұрақтарға аса көңіл бөлді. Сонымен қатар алдағы уақытта полиция қатарында қызмет атқаратын курсанттарға,  бүгінгі  тәжірибедегі жас қызметкерлермен жіберілетін кемшіліктерді айрықша атап өтті, және келешекте сондай қателіктерге жол бермеу үшін курсанттарға пайдалы кеңестер беріп,  сәттілік тіледі.  Сабақ соңында полиция қатарындағы Вьюшкина Виктория өте орынды сұрақ қойып, жан-жақты, толық жауап алып, пәнге және тақырыпқа деген өз қызығушылығын білдірді.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры Нурмаганбетова Ж.