«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра»

«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Себебі бұл қазақ ұлтымыздың төл аспабы домбыраның жарықтық үні әлі күнге дейін өзгермеген өзгермейді де. Осындай керемет рухани  ұлттық аспабымыз барын біз қазақ мақтан тұтып, әрдайым домбыра үнін жаңғыртып жүруіміз керек. Дәл осы ұстанымды назарға алатын болсақ, біздің Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиямызда да бұл қасиетті қара домбырамыз шетте қалып жатқан жоқ. Себебі академиямыздың басшылығы және тәрбие бөлімі ұжымы мен құрылған домбырашылар ансамблі әр мереке, әр айтулы сәт  сайын сахнамызда бой көтеріп, әрдайым құлақ құрышын қандырып, төл өнерімізбен бір сәтке сусындатып тұрады.
Аталмыш ансамбль ағымдағы жылдың қазан айының 30 күні Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен Затобол ауылында «Алтын Дән» мәдени сарайында өткізілген «Ғасырлар пернесі» атты облыстық фестивалінде өнер көрсетті. Қостанай өңіріміздің талантты да дарынды ансамбльдері осы жерден табылып, төл өнеріміздің һас шеберлері екенін дәлелдеуге тырысты. Айтулы іс-шараға сегіз ансамбль қатысып, солардың ішінде Академиямыздың ансамблі жүлделі үшінші орынды иемденіп жетпіс мың теңгелік сыйақы сертификатымен мараппатталды. Фестиваль өте жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып,  қойылған мақсатына межелі жете білді. Аталған дарынды ансамбліміз тек бұл ғана емес өткен көптеген облыстық, республикалық сайыстарда оза шауып жүр. Мәселен, 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық конкурста бас жүлде иегері атанған. Ансамбль қатысушылары осылай ұлттық төл өнерімізбен айналысып әртүрлі жарыстарда өнер көрсетуге мүмкіндік берген Академия басшылығы және тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлеріне және де домбырашылар ансамбліне жетекшілік етіп, тәлім-тәрбие беріп, шыңдап жүрген еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының композиторлар одағының мүшесі, әнші, композитор Қалибек Дерипсалдинге шын жүректен алғыстарын айтады. Аталмыш дарынды ансамбліміз алдағы болатын сан түрлі сайыстар мен конкурстарда алдыңғы орындардан көрінетініне сеніміміз мол!!!

Тәрбие жұмысы бөлімі