Мұражай еліміз бен ерлігімізді танытады

2021 жылдың 30 мамыр күні республикамыздың әр өңірінен келген арнайы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына оқу саптық бөлінісі мен кадр саясат бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкері мұражай меңгерушісі, отставкадағы полиция полковнигі Бисұлу Мұқажановамен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тарихымен танысу мақсатында, Академия қабырғасындағы мұражайды көрсету ұйымдастырылды.

Мұражайға саяхат жасау жалпы ой-өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Мұражай меңгерушісі Бисұлу Биғазқызы болашақ полиция қызметкерлеріне Академияның жаңадан ашылу жылдарынан бастап, бүгінгі таңға дейінгі тарихына шолу жасады.

Мұражайды тамашалу барысында арнайы кәсіптіп даярлық курсының тыңдаушылары өздерін толғандырып, қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мұражайда тұрған түрлі экспонаттарды қызығушылықпен тамашалады.
Осындай форматта өткізілетін іс-шаралар тыңдаушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке және де өз Отандарының тарихын ұмытпай, Қазақстан Республикасының игілігіне адал қызмет жасауға бағыттайды.
Еліміздің бүгіні, өткен уақыт тарихымен тығыз байланыста екендігін ұмытпауымыз қажет.

Оқу саптық бөлінісінің
взвод командирі
полиция капитаны
А. Саламатова