Мұз айдынына шығу

Коньки спорты – ежелден келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Ол дене күшін қажет етеді, яғни адам мұздың үстінде арнайы аяқ киіммен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенді тынығу болып табылады. Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жүгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға да болады. Осыған орай, 2019 жылы 29 желтоқсан күні ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби дарлық факультетінің 3 — курс 303- топ курсанттарымен мұз айдынына серуенге шығу ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда бұл спорт түріне жастар арасында көптеп қызығушылық танытып отыр. Себебі, конькимен сырғанау барысында адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді.
Мысалы, мұз сарайы-жексенбілік демалысты тамаша өткізуге мүмкіндік беретін керемет орын. Қорыта айтқанда, екі сағаттан астам уақытын мұз сарайында өткізген курсанттар ерекше көңіл-күйге бөленді және де курсанттар арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға себепші болды.Алдағы уақытта топ курсанттарымен тағы да мұз сарайына бару жоспарланып отыр.

303 оқу тобының жетекшісі
полиция капитаны
М.Қалқаманұлы