МҚКБ психологтары біліктілікті арттыру курсынан өтті

Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Заман талабының қажеттілігін ескере отырып ІІО психолог мандарына заманауи психологиялық әдіс тәсілдерді үйрету, кәсіби тұрғыдан біліктіліктерін арттыру мақсатында Қостанай академиясы психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығы МҚКБ аға инпекторлары, инспектор психологтарына арналған «Психологиялық дайындық» біліктілікті арттыру курстын өткізді.
Курста күнделікті жұмыста тиімді коммуникация құрудың әдістерін қолдану, қарым қатынастағы кедергілерді өз бетінше жеңу, жанжал жағдайларын тиімді шешу, визуалды психодиагностика процесінде психотипті тану әдістерін теориялық, практикалық тұрғыдан үйретті.
Сонымен қатар тыңдаушылардың білімдерін бекіту үшін практикалық сабақ кинотерапия қолданылды. Алдын ала тыңдаушыларға «Голос монстра», «Лучшее предложение» киноларын қарау тапсырылды.
Курс барында алған білімдерін қолдана отырып кинокейіпкердің тағдырына үңіліп олардың психотиптерін анықтау, сюжетке психологиялық сипаттама беру міндеттелді.
Тыңдаушылар сабақ барысында алған әсерлерімен бөлісіп, Орталық қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеу жүргізу орталығы