Мінсіз міндет

АкадемияғаШымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 республикалық мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Б.Мылтықбаевтыңатынан алғыс хат келіп түсті.
Хатта іс-тәжірибеден өтуге жолданған кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанты Амангелді Ғалымжан Алмасұлының қызметтік міндетін тиісті дәрежеде атқарып, ерекше көзге түскені үшін марапатталғаны баяндалған.
«Амангелді Ғалымжан Алмасұлы әр бөлімнің жұмысымен танысып, режим бөлімінің тінту және қадағалау тобында қызмет атқару барысында ерекше көзге түсті. Атап айтқанда, 9 шілде күні сотталғандардың артынан келген сәлем-сауқатты тексеру барысында ол сабынның арасына жасырылған камера, сим-карта, интернет құрылғысы бар сағатты тауып алып,  қырағылық танытты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына осындай жас мамандар дайындап, мол тәлім-тәрбие беріп жатқандарыңызға алғысымызды білдіре отырып, Амангелді Ғалымжан Алмасұлы оқу барысында өзінің үзеңгілес жолдастарына үлгі болатындай кіші басшы құрам арасынан көрінетініне сенім білдіреміз», – делінген.

Ішкі және сыртқы коммуникацияларбөлімшесі