Мерекелік құттықтау!

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылуының 49-жылдығына байланысты және «Ардагерлер күні» — 1 қараша қарсаңында биылғы жылы да жалпы заң пәндері кафедрасының ұжымымен құтықтау шарасы өткізілді. Ұзақ жылдардан бері Академия қабырғасында мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының бастығы болып адал еңбек еткен және құрметті еңбек демалысындағы зейнеткер Юрий Григорьевич Симининге жолығып, құтықтадық.
Ардагерлер күніне орай Академия бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекеновтің құттықтау сөзі мен естелік сыйлық табыс етілді. Ардагеріміз академия басшылығы мен профессорлық-оқытушы құрамға өзінің жылы сөздерін айтып, академияға үлкен жетістіктер тіледі.

Жалпы заң пәндері кафедрасы