Мерекелік марапат

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жеке құрамының 7 мамыр–Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті.
Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов қазақ халқын келіп жеткен мерекелермен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Салтанатты мерекеде жас  лейтенанттар еліне адал қызмет етуге ант қабылдады. Сондай-ақ зейнеткерлер және академия ардагерлері атынан Академия зейнеткері отставкадағы әділет подполковнигі Рахмади Назмышев Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтап, байтақ жерімізді аманат етіп қалдырған ата-бабаларына және де Академия басшысы Н.Биекеновке көрсетіп жүрген қамқорлығына алғысын айтты. Болашақ жас лейтенанттарға алдағы жемісті қызметке сәттілік тіледі.
Мерекелік шара барысында Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, ІІО жас мамандарын дайындауға қосқан үлестері үшін және қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлерге Академия бастығы грамоталар табыстады.

ІСКБ