Мерекелік марапаттау

Ағымдағы жылғы 28 тамыз күні Білім ордасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтті.
Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов жеке құрамды Ата заңымыздың 25 жылдығымен құттықтап, Конституцияның мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын, басқа заңдардың мәні мен мазмұнын айқындайтын басты құжат болып табылатынына тоқталды. Сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеті – конституциялық принциптерді қатаң сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кез келген құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан сенімді қорғауды қамтамасыз ету екенін еске салды.
Бұдан әрі Ішкі істер министрі мен Академия бастығының мерекелік бұйрықтары оқылып, өз міндеттерін адал атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер арнаулы атақпен, «Ішкі істер органдарының үздігі» медалімен, сондай-ақ Грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі