Мерейтой — 65!

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ардагерлерді ардақтап, құрмет тұту қалыптасқан жақсы дәстүр десе де болады. Осы орайда қаңтар айында мерейлі 65 жасқа толып отырған отставкадағы полковник Татьяна Зюбанованы кадр саясаты бөлімінің бастығы Руслан Аужанов,  идеологиялық жұмыс бөлімшесінің бастығы Теміржан Баймағанов, ардагерлер кеңесінің төрайымы Бисұлу Мукажанова академия басшылығы атынан арнайы құттықтап, естелік сый табыс етті.
Татьяна Николаевна талай жыл қызметтес болған әріптестеріне және академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекеновке ризашылығын білдіріп, академия қабырғасында өткен тамаша еңбек жолын еске түсіріп, өзінің ізін басып келе жатқан жастарға тек сәттілік тіледі.