Мерейтой иесіне деген сый құрмет

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы атынан Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бисұлу Мукажанова, идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері полиция полковнигі, ардагер ұстаз  Есенбек Курмановты 65 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдіріп, сый құрмет көрсетті.
Ардагер Есенбек Калиевич өз кезегінде Академия басшылығы мен қызметкерлерге алғысын айтып, сәлемін жолдады.

Ардагерлер кеңесі