Мерейтоймен арнайы құттықтады!

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында елеулі еңбек етіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берген жандардың бірқатары бүгінгі күні құрметті демалысқа шыққан ардагер. Дегенмен Академия басшылығы мен ұжым қызметкерлері оларды бір сәтке болса да ұмыт қалдырмайды. Әр мерекеде арнайы құттықтап, әрдайым байланыстарын үзген емес.
Ағымдағы аптада Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бисұлу Мукажанова мен идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері Академия басшылығы атынан мерейтой иесі, отставкадағы полиция полковнигі Александр Федотовты арнайы құттықтап, естелік сый жасады.
Александр Николаевич те өз тарапынан Академия бастығы Нұрлан Биекеновке және қызметкерлерге алғысын білдірді.

ІСКБ