Мерейлі мүшел жасыңыз құтты болсын!

Бүгінгі мерейтой иесі ІІМ Қостанай заң институтының әділет подполковнигі Галин Ғалымжан Таутанұлы. Ғалымжан Таутанұлы 1960 жылы 5 қазан айында Торғай облысы, Амангелді ауданы,  Қарасу ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Білім жолындағы  алғашқы қадамын Жасбөк орталау мектебінен бастайды. Ал, 1987 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша  Қарағанды заң институтына оқуға түседі.  Қарағанды заң институтында білімін шыңдап 1991 жылы аяқтайды. Қызметтік жолын уақытша ұстау изоляторының милиционері лауазымынан бастайды. Ғалымжан Таутанұлы ішкі істер органдарының еңбек өтілі көбінесе жедел бөліністерімен байланысты. Ал, 1998 жылдың 01 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтында жедел-іздестіру қызметі кафедрасында оқытушы қызметін атқарып, курсанттарға теориялық және практикалық дәріс береді. Көп жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарып, курсанттардың болашақта Антына адал, білікті, кәсіби тәртіп сақшысы болуына үлкен үлес қосқан. Мерейтой иесін ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлер атынан Кадр саясаты бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері мерейлі мүшел жасымен және Қылмыстық іздестіру қызметкері күнімен құттықтап, қошемет көрсетіп, сыйлықтар табыс етті.
Құрметті Ғалымжан Таутанұлы!  Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, абзал азаматтың өнегесі. Академияның гүлденуі мен  өркендеуіне және курсанттарымыздың білімдерін шыңдап, тәлім-тәрбие, кәсіби білікті маман болуына талай тәнті істерді атқардыңыз. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, өмірдің асқақ абыройын тілейміз!

ІСКБ маман-инспекторы
О. Уақпаева