«Мен қылмыстық процестік пәнін меңгерудемін» атты олимпиадасы

2018 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу залында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Е.Е. Қайнар мен 2 курс магистранты Н. Садуақасовпен ұйымдастырылған күндізгі оқыту факультетінің 201, 202, 203, 204 оқу топтарының арасында Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік құқығы пәні бойынша «Мен қылмыстық процесс пәнін меңгерудемін» атты олимпиадасы болып өтті. Олимпиада өте қызықты және бәсекелі түрде өтті. Яғни, іс-шара барысында курсанттарға қылмыстық процесстік құқығы пәні бойынша барлық өткен тақырыптарға байланысты ұяшықтарда деңгейлі сұрақтар дайындалған болатын. Аталмыш нысандағы олимпиадалық іс-шараларды өткізу курсанттардың өз қабілеттері мен тапқырлықтарын барынша танытуға, оқу жылы бойында меңгеріп жатқан білімдерінің сапасын тексеруге, одан әрі тереңірек оқып ізденуге, танымдық қызығушылығын дамытуға және де ең бастысы курсанттардың шығармашылық, іскерлік қабілеттері мен ой-өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.
Олимпиада қорытындылары бойынша аталмыш іс-шараға белсенді қатысқандары үшін бірнеше курсанттар және ең үздік деп 203 оқу тобынан құралған «Тергеушілер» тобы танылып жеңімпаздар Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының атынан мадақтамалармен марапатталды. Ұйымдастырылған іс-шара соңында оқытушы курсанттарға ҚР Қылмыстық процестік құқығы пәнінің маңыздылығы жайлы, сондай-ақ теория түрінде меңгерілген білімнің болашақта Ішкі істер органдарының қызметінде қаншалықты қажет, әрі сол игерген теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра білу керек екенін түсіндірді.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Е. Кайнар

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
институтының 2 курс магистранты
полиция аға лейтенанты
Н. Садуақасов