Мемлекеттік емтихан өтуде

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Кәсіби-психологиялық даярлық  және ІІО-ны басқару кафедрасының профессорлық-оқытушылары 411 — 412 топтардан мемлекеттік емтихан қабылдауда. Алғашқы күні Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов алғашқы емтихан тапсырушыларға сәттілік тілеп, алғы сөз айтты
Биылғы жылы емтихан тапсыру форматы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өзгертілді. Бекітілген кестеге байланысты әр аймақ курсанттарымен онлайн-кеңес өткізілді. Сондай-ақ кафедраның барлық оқытушылары, курсанттармен оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, үнемі бақылауда ұстап, кері байланыс орнатты (онлайн-кеңес, жекелей сұхбат, психологиялық көмек т.б.). Комиссия мүшелері академия курсанттарынан мемлекттік емтиханды «ZOOM» бағдарламасы арқылы қабылдады. Емтихан өтетін аудиториялар техникалық жабдықтар  қамтамасыз етілді.

Кәсіби-психологиялық даярлық  және
ІІО-ны  басқару кафедрасының оқытушысы
Е. Толыкпаев