Мемлекеттік аттестацияның сәтті өтуі

2019 жылдың 10 маусымында Қостанай академиясының 5В090500 -«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 4 курс курсанттары өзінің алғашқы қорытынды мемлекеттік аттестациясын тапсырды. Компьютерлік тестілеу «Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету» және «Әлеуметтік жұмыстың теориясы» пәндерінен болса, ауызша емтихан «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәнінен өтті.

Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрағасы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және ісжүргізу кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Турлубеков Батырхан Салимович білім алушылардың деңгейін жоғары бағалады. Осы қорытынды аттестацияға шақырылған тәуелсіз бақылаушылар Қостанай қаласының пробация қызметінің бастығы әділет майоры Тумурзин Ерлан Ескендирович және запастағы подполковник Султанова Гулим Баязитовна емтиханның ашық және адал өткізілгендігіне еш күмәнін келтірмеді. Курсанттар төрт жыл бойы Академия қабырғасында алған білімдерін, практикада көрген кәсіби тәжірибесін тиянақтай отырып, қорытынды бақылауда үздік және жақсы нәтижелерін көрсетті.

Болашақ полиция қызметкерлерінің осындай жақсы нәтижелері тек емтиханда ғана емес, өздерінің болашақ қызметтерінде де көрінуіне тілектеспіз.

ІІО ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Абишева А.К.