Маңызды ақпарат…

2019 жылдың 28 қарашасында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  4 — курс курсанттары үшін «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығына» шығу сабағы болды. Орталықта сот-медициналық сараптама, алкогольді, есірткіні мас күйінде қарау, есірткіге тәуелді болу жағдайын анықтау үшін экспресс әдістер қолданылады. Сонымен қатар зертханалық зерттеулер, қандағы алкогольді анықтау әдістерін енгізу мүмкіндігі бар. Наркологиялық қызметтің барлық бөлімшелерінде наркологиялық көмекке, анонимді емге және емделуге қол жеткізу мақсатында күндізгі стационарда наркологиялық ауруларды амбулаториялық емдеу енгізілді. 57-73-22 «Сенім»  телефоны да тәулік бойы жұмыс атқарады.
Жасөспірімдер бөлімі есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында жасөспірімдер арасында (15-17 жас аралығындағы) профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жасөспірімдерге мамандандырылған тегін көмек көрсетеді.
Қорыта келгенде, шығу сабағының соңында курсанттар сұрақтарға толық жауап алып, өз білімдерін толықтырды. Кездесу соңында орталықтың ұжымына алғысымызды білдіріп, жұмыста табыс тіледік!!!

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева