Мақтанышым-рәмізім

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің

мемлекетіміздің, біздің

егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті

біріктіруші образын білдіреді».

                       Нұрсұлтан Назарбаев

 

08_03_1

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусымда Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Осыған орай 2016 жылы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-ші дәріс залында кураторлық сағат барысында  201 оқу тобының жетекшісі, полиция капитаны А.Б. Ақылбекова тәрбие жұмысы бөлімімен бірлесіп «Мақтанышым рәмізім атты зияткерлік ойынды ұйымдастырды. Зияткерлік ойын киелі оқу орнымыздың 45 жылдығына және Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай өткізілді.

08_03_2

08_03_3

08_03_4

Мақсаты: курсанттарға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Егеменді еліміз жер бетінде басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгілеп берді. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Зияткерлік ойынға 201, 202, 203, 210 оқу топтарынан төрт топ құрылды.

Сайыс 6 кезеңнен тұрды: «Таныстыру»; «Жылдам болсаң, озарсың…»; «Бәйге» ойыны; «Бұл қай ән?»; «Полиглот» ойыны; «Жоба» жасау.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

Ойынымыздың әділ бағасын берген қазылар:

  1. Мемлекеттік тіл бөлімшесінің инспекторы Жиентаева Сания Қайратқызы
  2. Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі Қожмұхамедова Гүлмира Бейсембаевна
  3. Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция аға лейтенанты Қаражан Асылан Арғынбекұлы

08_03_5

Әділқазылар қорытындысы бойынша 1-ші дәрежелі дипломмен 201 оқу тобының құрама командасы, 2-ші дәрежелі дипломмен 203 оқу тобының құрама командасы, 3-ші дәрежелі дипломмен 210 оқу тобының құрамы, қатысқаны үшін сертификатымен 202 оқу тобының құрама  командасы марапатталды. Зияткерлік ойынның «Ең үздік жеңілпазы» болып 203 оқу тобының курсанты, полиция кіші сержанты Жансамат Н. атанды.

08_03_6

Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар – ер азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл – қыздарымыз көбейе берсін!

08_03_7

 

201 оқу тобының жетекшісі,

полиция капитаны

Әсел Ақылбекова

Тәрбие бөлімінің аға инспектор-психологы

полиция аға лейтенанты

Руденко Жанна