«Мамандық және болашақ» патриоттық зияткерлік сайысы өтті

Полиция қызметкері болу – Отан алдындағы борышты өтеудің тиімді тәсілі. Ол үшін «Мен полиция қызметкері болғым келеді» немесе «Мен таңдаған мамандық» деген, сөздер жеткілісіз. Сол үшін жас мамандарға полиция қызметкерінің дағдыларын, атап айтқанда, білімге деген құштарлықты, жоғары дене дайындығын, жылдамдықты, төзімділікті, отанға деген адалдық дағдыларын қалыптастыру керек.
Жоғарыда аталған дағдыларды дамыту мақсатында Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының ұйымдастыруымен зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа курсантар мен тыңдаушылардан құралған «Сақшылар» мен «Болашақ офицерлер» командалары сайысқа түсті.

Сайыс «Артық болмас білгенің!», «Ойлан тап!», «Шырмаланған сандар!» атты 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін, әр-түрлі саладағы білімдерін көрсетіп, өздерінің жауапкершіліктерін сезіне білді. Әділқазылар алқасы сайыс соңында жеңіпаздарды анықтады. I орынды «Сұңқар», II-орынды «Сақшылар», III-орынды «Болашақ офицерлер» командалары иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

КПДжІІОБ
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты Ерден ТОЛЫҚПАЕВ