Мамандығымыз — мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын!

Қазақ халқын әлемге танытқан кемеңгер Абай атамыздың шығармалары этикалық, философиялық және психологиялық терең ойға толы, өмір түйткілін нақты болжаған. Ақынның шығармалары жалпы психологиялық жан мен тәннің ара қатынасы, тұлғаның психологиялық даму жолында тәрбие мен білімнің атқаратын қызметін, өзін-өзі тәрбиелеу, әдеп пен ұлттық мінез-құлық көрінісін айтып кеткен. Сондай-ақ, «кісінің көкірегі қайғыға толы болса, бойды шымырлатып» ойды терең толқыту арқылы жақсы бағытқа өзгеретіні айтылған. Әрине, мұның бәрі психологияға тірелетінін көрсетеді. Десекте, психологияның қыр-сырын зерттеген психолог маманы екендігі бәрімізге мәлім.
Осыған орай, КДФ 3-4 курс курсанттарына Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Рудный қаласындағы пробация қызметі бөлімінің аға инспектор-психологі, әділет аға лейтенанты Кенесбаева Шаттық Асланқызы өз сұхбат-әңгімесін жүргізді. Өз еңбек өтілін Жетіқара қаласындағы «Қара бүркіт» мекемесінде психолог маманы ретінде бастаған Шаттық Асланқызы, жиналған онлайн аудиториямен өзінің тәжірибесімен бөлісті.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла–деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға–жұмбақ. Сол жұмбақтың тілін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу біз таңдаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры»-деп сөзін жалғастырған қонағымыз, өз жұмысының қыр-сырын баяндап өтті. Сонымен қатар, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын курсанттар көкейлеріндегі сұрақтарына тәжірибелік жағынан толық жауап алды деген сенімдемін.
Онлайн кездесу соңында Шаттық Асланқызы: «Психолог мамандығымыз — мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын»-деп өз сөзін аяқтады.

КПДжІІОБ кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция капитаны
Н.Турсумбаева