«Малибу» демалыс орталығындағы сейілдеме


Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс 101 оқу тобы, топ кураторы полиция майоры Д.Қалқаманұлымен «Малибуға» демалыс орталығына сейілдемеге барды.
Алғашқы оқу жылының аяқталуға бірер уақыт қана қалғанын ескеріп, кезекті сейілдемемізде жылды қорытындылап атап өтуді жөн көрдік. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген курсанттар үшін Қостанай қаласының ауа-райы алғашында таңсық көрінген, уақыт өте келе ауа-райына да, әскери өмірге де бейімделіп, 2-курсқа да қадам басқалы тұр. Негізгі мақсат курсанттарды сергітіп, оқу уақытыннан бөлек ойын басқа жаққа бұру болатын. Курсанттар барлық жағдайда белсенділік танытып, көмек көрсетеді. «Əр арыстың артында, əйел тұрады» демекші ұйымдастыру мәселелерінің басым көпшілігі қыздардың мойнында болды. Демалыс орнына барғанда біздің курсанттардың қуанышында шек болмады. Бір-бірімізбен қуана шүйіркелесіп əңгіме айтып, дастархан алдына жиналдық.
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жан-жақтан дастарханның қамын жасап, қыздар құйып берген шайдың хош иісінің рахатына бөленіп сейілдемемізді де аяқтадық.
Біз үшін бұл демалыстың маңызы зор, орны бөлек. Естен кетпес демалыс болды. Курсанттар демалып, бір сергіп қалды. Топтағы курсанттардың бір-біріне деген қарым-қатынасы да, сыйластығы да одан əрі нығайып арта түсті. Бұл демалыс татулық пен ауызбіршіліктің сипаты болып ғана қоймай, курсанттардың əрқашан бірге екендігінің, бір-бірін кез-келген уақытта қолдайтындығының белгісі. 101 оқу тобының курсанттарыда осы демалыстан кейін Академия өміріне жəне сабаққа деген жаңа құлшынысы мен құштарлығы, белсенді көзқарастары пайда болды. Осылай бос уақыттарымызды қажетті естеліктерге толтыруға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылықтарына алғысымызды білдіреміз.

101 оқу тобының кураторы
полиция майоры
Д. Қалқаманұлы