Магистратура түлектерін қызметке бөлу

2019 жылы 25 мамырда Академияның Ғылыми кеңес залында Жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру институты магистратурасының 2017 жылы қабылданған 20 бітіруші магистранттарды қызметке бөлу комиссиясының кеңесі болып өтті.
Комиссия құрамында: Төрағалық етуші Академия бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Қаппасов Е.Т., академия бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Нурушев А.Ж., Қостанай облысы бойынша Полиция департаментінің кадр жұмысы бойынша басқармасының бастығы, полиция полковнигі Итесов Б.М., академия бастығының саптық жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Кусеубаев А.Б., Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр бөлімінің бастығы, полиция майоры Канафин А.М., академияның кадр бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ибраев А.Қ., академияның магистратура бастығы, полиция майоры Кайнар Е.Е., Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы, полиция майоры Смышляев А.С. және кадр бөлімінің инспекторлары қатысты.
Комиссия кеңесінің отырысында магистранттардан туындаған сұрақтар кеңестің отырысында өз шешімдерін тапты, мысалы полиция капитаны Омаров К., өзінің жанұялық жағдайына байланысты Петропавл қаласынан Қостанай қаласына ауысу туралы өтінішін білдірді, осы өтініш комиссия құрамымен талқыланып магистрантты Қостанай облысы бойынша Полиция департаменті қызметке қабылдайтынын білдірді. Комиссия кеңесінде туындаған қалған сұрақтар өз шешімдерін табу үшін әртүрлі ұсыныстар жасалып назарға алынды. Қалған магистратура түлектері өздерінің бұрынғы қызмет орындарына бөлінді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі институтының магистратурасы