Көңілді тапқырлар ойыны

Ағымдағы жылдың 5 наурызында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің 2-курс курсанттары  Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің қабырғасында өткен  «Көңілді тапқырлар алаңы» ойындарына  барып қайтты. Аталған ойынға Академиядан 2-курс курсанттарынан құралған команда шықты. Курсанттарымыз командалық ойында басқа университеттермен бақ сынасып, жүлделі 3 орынның иегері атанды. Курсанттар ойынға деген жақсы дайындығының арқасында, осындай шыңдарды бағындыруда. Бұл бағындыратын шыңдардың тек басы ғана екендігіне сенімдіміз.
3 орынды иеленген жеңімпаз курсанттар ойынның финалына шығып, бас жүлдеге таласпақшы. Келесі ойын сәуір айының ортасына жоспарланып отыр. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар курсанттарымызға ақтық сында сәттілік тілей отырып, олардың міндетті түрде жеңісті қолдан бермейтіндігіне сенеміз.


2 -курс курсанты полиция қатарындағы А.Бакбаева