Көңілден шыққан ашық сабақ

Оқытушының теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, аудиториямен қарым-қатынасын көрсету мақсатында оқу процессіндегі маңызды және мазмұнды өткізілетін сабақтардың бірі — ашық сабақ.

Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні 3 курстың 308-309 оқу топтарының курсанттарына қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны А. Мұрат «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы» пәні бойынша «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін, тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруды, жалпы білім мен кәсіби білім беруді ұйымдастыруды құқықтық реттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабаққа Академияның профессорлық-оқытушы құрамы қатысып, өз бағасын берді. Олар оқытушының оңды жақтарын бағалап, сабақтың мақсатына жеткендігін айтты.

Қылмыстық құқық және жазаны
орындауды ұйымдастыру кафедрасы