Көптен күткен жазғы демалыс


2019 жылғы шілде айының 20 жұлдызында күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 1 курс жеке құрамының жазғы демалысқа шығуына байланысты Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекеновпен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген арнайы ережелерді бұзбай олардың орындалуын және курсанттардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол жүруде, ойын-сауық орталықтарында тәртіпті сақтау.

Академия бастығы курсанттарға жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізуін тілеп, оларға үнемі жақсы ерекшеліктермен көрінуді айтты.

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі  Айбек Ибраев     курсанттарға тәртіпті сақтап, бұзбау қажеттілігі туралы  түсіндірді.

Күндізгі және сырттай оқыту факультетінің полиция полковнигі Гүльбарам Кульжанова  курсанттардың сынақтан өтуі туралы анықтама беріп, емтиханнан үздік көрсеткішпен өткен курсанттарды құттықтап өтті, ал сынақ барысында емтиханды қайта тапсыруға қалған курсанттарға сәттілік тіледі.

Полиция майоры Алмагуль  Тумурзина  курсанттардың шет елге шығуы жайында айтып өтті. Шет елде демалатын курсанттар қандай ережелерді сақтауы қажеттілігін және оларды келісімшарттармен таныстыра отырып, орындамаған жағдайда арнайы тәртіптік жазаға тартылатындығы туралы түсіндірді.

Сонымен қатар курсанттардың топтарына жауапты кураторлар да жиналысқа қатысты.

Курсанттарға көптен күткен демалыстарын ойдағыдай өткізуді  тілейміз!

Полиция қатарындағы
1 курс курсанты
А. Бакбаева