Көкпар — мықтылардың ойыны

Көкпар біздің қазақтың қанына сіңген өнер. Қазіргі таңда Көкпар ұлттық ат спорты ойындарының бірі болып табылады. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, батылдығын, төзімділігі мен ептілігін, ат үстінде отыруын қалыптастырады. Денесі шынықпаған әлжуаз жігіттерге көкпарда орын жоқ. Сонымен қатар «Көкпар» — аттың қалай бапталып, үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.

Ұлттық ойындармен жақын танысу мақсатында 2018 жылы 18 қараша күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 2 курстың курсанттары «Көкпар» ойынын тамашалауға Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі «Арғымақ» ипподромына барды.

Жарысқа Қостанай облысының Тарановка, Сарыкөл аудандарынан, Рудный қаласынан көкпаршылар, ал ІІД құрамында Қостанай академиясының 202 оқу тобының курсанты полиция қатарындағы Берік Бекуыс қатысты.

Жарыстың соңы курсанттардың тұлпарларға мініп, серуендеуімен аяқталды. Бүгінгі өткізген демалыс күні барлығымызда оңды әсер қалдырды.

 202 топ кураторы

полиция капитаны

В. Касенова