Кәсіптік практика қорғалды

2020 жылдың 25-27 мамыр аралығында Қылмыстық құқы және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасы кәсіби даярлық факультетінің «Құқық қорғау қызметі» (қылмыстық-атқару мамандандыру) мамандығының 4 курс курсанттарынан кәсіптік практикасын қорғауы бойынша жұмыстары ұйымдастырылды.
Кәсіптік практика білім алушылардың оқу поцесінде алған теориялық білімдерін, шеберлігін бекітуге, болашақ кәсіби қызметіне байланысты жұмыстың белгілі бір түрлерін орындау процесінде тәжірибелік дағдыларын меңгеруге және дамытуға бағытталған.
Қорғау барысында курсанттар тәжірибеде өз жұмыстарын жоспарға сәйкес ұйымдастырғаны жайында және практиканы қайда және қалай өткендігі; ҚАЖД (мекемесі) органы туралы жалпы мәліметтері (жедел жағдайы, жедел-қызметтік жұмысты ұйымдастыру, кәсіби және жауынгерлік дайындықтары, жеке құраммен тәрбиелік жұмыс) жайында баяндалды; жеке жоспарларды орындау (өткізген жұмыстары мен іс-шараларының тізімі) туралы есеп берілді, тәжірибелік жағдайларға талдау жасалды, кәсіптік практика бойынша қорытындылар жасалып ұсынымдар берілді.

Қылмыстық құқық
және жазаны орындауды
ұйымдастыру кафедрасының
оқытушысы
полиция капитаны
М. Қалқаманұлы