Кәсіптік практиканы өту барысындағы нұсқаулық

2020 жылдың 11 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, кәсіби даярлық факультетінің, оқу және оқу-саптық бөлімше өкілдерімен бірлесіп, «Құқық қорғау қызметі» әкімшілік-құқықтық мамандығы бойынша білім алып жатқан, КДФ 4-курс курсанттарына ішкі істер органдарының аумақтық жергілікті полиция бөлімшелерінде кәсіптік практиканы  өту жөнінде нұсқаулық берді. Нұсқаулық барысында курсанттарға практиканы өту барысында құжаттардың тәртібі мен мерзімдерін (жеке жоспарлар, күнделіктер, есептер, материалдардың көшірмесі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер) дайындау  тәртіптері түсіндірілді.

ІІО ӘҚ кафедрасының бастығы
полиция подполковнигі
А. Смышляев