Кәмелетке толмағандардың істері жөнінде учаскелік полиция инспекторы қызметкерлерімен вебинар өткізілді

2020 жылдың 20 қазанында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет кафедрасымен бірлесіп кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен вебинар өткізді.
Вебинар барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қызметкерлерінің тәжірибесіндегі құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер, сондай-ақ олардың қызметін жетілдіру перспективалары талқыланды.
Вебинардың қорытынды бөлімінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.

ІІО ӘҚК оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А. Сейдахметова