Күш — қуат алудың қайнар көзі- кітап оқу медитациясы

Бүгінгі таңда адамның жан дүниесіндегі тыныштықты орнатуда, өзі туралы білімді кеңейтуде кітап оқу медитациясы белгілі бір орын алады. Негізі әдеби кітаптарды зейін салып мұқият оқығанда, оқырман қоршаған әлем туралы ұмытып толығымен босаңсу күйінде болады, өйткені кітап оқу шыдамдылық пен зейіннің шоғырлануын талап етеді.
Сондықтан, күніне отырып, тұрып, терезеге қарап уақытыңызды өткізбей, күнделікті өміріңіздің бір сағатын, тамаша кітапқа көз жүгіртуге арнап, рухани байлығыңызды дамытуға, психологиялық денсаулығыңызды жақсартуға өз ықпалыңызды тигізіңіз. Адамның басты мақсаты кітаптан ләззат алу, миды демалту, рухани даму, бойыңызды сергіту.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған кітаптардың әр парақтарын мұқият оқып, бір мезгіл барлық нәрседен босаңсып, қанаттандыратын сөздермен жігерленіңіз, күш қуат алыңыз.
Президент ұсынған 30 кітап:

  1. Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері,
  2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық тарактаттары,
  3. Мұхтар Әуезов «Абай жолы»,
  4. Әбіш Кекілбаев. «Үркер» және т.б шығармалары,
  5. Ілияс Есенберлиннің шығармалары,
  6. Оралхан Бөкей «Ұйқым келмейді»,
  7. Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары,
  8. Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз», «Тағдыр»,
  9. Мұхтар Мағауин «Аласапыран»,
  10. Дулат Исабеков «Қарғын»,
  11. Ілияс Жансүгіров өлеңдері,
  12. Әкім Тарази шығармалары,
  13. Роза Мұқанованың пьесалары,
  14. Смағұл Елубай. «Ақбоз үй» және тағы басқа шығармалары,
  15. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері.

Әлемдік әдебиет:

  1. Федор Достоевскийдің шығармалары,
  2. Лев Толстойдың шығармалары,
  3. Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары,

19.Иван Буниннің шығармалары,

  1. Эрих Мария Ремарктың «На западном фронте без перемен» туындылары.

Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет:

  1. Никколо Макиавелли. «Государь»,
  2. Алексис де Токвиль. «Демократия в Америке»,
  3. Жан Монне.»Реальность и политика»,
  4. Ли Куан Ю «Из третьего мира — в первый.История Сингапура (1965-2000)»,
  5. Наом Хомский. «Создавая будущее»,
  6. Мэтью Барроуз «Будущее: Рессекречено. Каким будет мир в 2030 году».

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған шығармалар:

  1. Энтони Кенни. «Батыс философиясының жаңа тарихы»,
  2. Клаус Шваб.»Төртінші индустриялық революция»,
  3. Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу»,
  4. Росс Данн, Лора Митчелл. «Panorama: Дүние жүзі тарихы».

ПМДжӘЗЖО аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А.Досмаилова