«Күзгі бал» байқауы өтті

Бүгін Қостанай академиясының қабырғасында жалпыакадемиялық «Күзгі бал» мерекелік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты курсанттар мен тыңдаушылардың адамгершілік мәдениетін көтеру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, еңбекке баулу, жастардың әртүрлі іс-шараларға белсене қатысуы және біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру.

Аталған бағдарлама үш кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Үй жұмысы», «Күзгі көйлектер көрсетілімі». Бірінші кезеңде курсанттар өздерін көрермендерге таныстырып өтсе, екінші кезең үй жұмысы ретінде жасалған, қатысушылардың өз қиялдарымен дайындаған нөмірлерін көрсетуге бағытталды. Ал үшінші кезеңде курсанттар Күз тақырыбы бойынша өз қолдарымен тіккен көйлектерін жасап көрсетті.

Барлық тамашаланған концерттік нөмірлер күз тақырыбына арналып, ғажайып түрде ұсынылды. Осылайша тартысты да көңілді өткен байқаудың қорытындысы бойынша әділ-қазылардың шешімімен:
І орынды- 4-курс курсанттары
ІІ орынды- «А» тобы
ІІІ орынды- «В» тобы иеленді. Шара соңында жеңіске жеткен командалар марапатталды.