Кітапханаға саяхат

Ағымдағы жылғы қараша айының  7 жұлдызында  209- оқу тобы Қостанай қаласының қалалық кітапханасына барып қайтты. Іс-шара Қостанай қаласының белгілі ақындарымен кездесу ретінде өтті. Негізгі мақсат жастардың рухани байлығын арттырып, олардың кітап оқуға деген құшатарлығын ояту, білім азығын толтыру болып табылады. Іс-шарада бұрыңғы жылдардың естеліктерін қайталап, өткен тарихқа көз жүгірттік. Тарихқа сенсек жолы ауыр болып саналатын ақындық оңайлықпен келмейтіні белгілі болды. Ақындар курсанттарға ақыл-кеңесін айтып, біздің тек отан сақшылары ғана емес, одан бөлек рухани байлығы қаныққан курсант болуымыз керектігін есімізге салды. 209-топ кураторы полиция майоры С.Танатаровтың жетекшілік етуімен осындай керемет ісшаран көріп қайттық.

2 курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Бакбаева